Ақын дарыны - жер астынан шыққан көз тәрізді. Егер ол кез қуатты болса, қара тасты қақ жарып көкке атылып, жолында қандай бөгет кездессе де, жазық далаға шығып, сел боп тасиды. Ал дәрменсіз жаратылса, ол жырадан жылай ағып, көгал қуып, біраз жерге барады да, ақырында бір ойпатқа кездесіп, сазды топыраққа сіңіп жоқ болады.