bookmate game
kk
Free
Тұрсынжан Шапай

Шын жүрек – бір жүрек

  • Бағдатцитирапреди 3 години
    Өнерінде адамшылықты, әділет пен рахымшылықты алтын қазық еткен кемеңгер өмірде бірыңғай «жылы жүректің» дегенін ұстана алмай қалып жатса, оған тіпті де жазықты емес. Бегеш би айтпақшы, «құдайдың берген бағын көтере алмаған» кеселді көп, топас тобыр айыпты. Заманы жауапкер. «Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма» деп қан жүректі қайғылы сол өзі мен ортасының осындай шешусіз шие түйіндеріне нұсқайды.
  • Бағдатцитирапреди 3 години
    Әлем келбеті (көркем шығармадағы) жанрға тәуелді. Әр жанр бейнені өз мүмкіндігімен, өз тілімен, өз заңымен сомдайды. Демек, біз білетін анық Абай, лирикалық «Мен» – өз өнерінің айнасындағы кемел Тұлға. Естеліктегі, аңыздағы Абай – ел көзімен, замана қалыбымен өлшенген «сыртқы» Абай.
  • Бағдатцитирапреди 3 години
    Абайдың өмір күресіндегі жеңілісінің, өнер дүниесіндегі жеңістерініңбасы – осы достары сатқан шамадан басталады.
  • Айгерим Абдыхамитцитирапреди 2 години
    ушкин туралы мәліметтердің бәрі жиналған: расы да, өтірігі д
  • Бағдатцитирапреди 3 години
    Күшік асырап, ит еттім,

    Ол балтырымды қанатты.

    Біреуге мылтық үйреттім,

    Ол мерген болды – мені атты, –

    деп, сол дос-сыбайластарын айтып отырғаны күмәнсіз. Абайға жақын жүріп бойы үйренген, сырын алған, жауын мұқатудың, кісі жиын партия құрудың, алыс-жұлыста орайын тауып оңдырмай түсірудің, ашумен ықтырудың, айламен шалудың, күш, зорлық қолданудың барша құрал-тәсілін игеріп, жұрт меңгеру енеріне Абайдың өзінен қанығып, жетіккен сенімді достары енді жау боп қайырылғанда, өкте дұшпан бір төбе де, кеткен досы — бір төбе.
  • Бағдатцитирапреди 3 години
    «40 жастан асқан соңғы Абай, бізге бір Абай емес, екі Абай болып кетеді. Біреуі: өмірге үйлескісі келмей, заманнан, ортасынан озып шығып, сыншы, ұстаз, ақылшы, ақын-данышпан болуға айналған Абай да, екіншісі: күндегі өмірдің бетімен елдің сөзін ұстап, бұрынғыша партия тартыстың, билік, әкімшіліктің жолындағы ру басшы, ел меңгерушісі Абай» – дейді Мұхтар Әуезов (Абай өмірбаянының алғашқы нұсқасы, 1927-33 ж").
  • Бағдатцитирапреди 3 години
    әділетшіл болса, шын-ақ ақылман болса, шын-ақ дос болса, демек, бізді өз басына тең көрсе, неге, мәселен, мына мен болыс болмаймын? Мен кімнен кем? Менің де артымда ел бар. Ол елдің Ырғызбай баласынан көрген зорлығы бар. Аналар – Абайдың туысы болса, мен – досыемеспін бе?...

    Абайдың күйкі достарының бір парасы осылай ойлайтын болар... Жаны бар ой. Абайда, қанша дегенмен, саналы-санасыз түрдегі әулеттік эгоизмбар. Рас, сонымен бірге, елді ақылды, білімді, әділ адам, не соның ырқындағы жөнбілікті кісі басқару керек деген сенім де бар.

    Көп шуылдақ не табар,

    Билемесе бір кемел?

    Абай өз бағасын біледі, сондықтан жұрт меңгермек — не өзінің, не айтқанын тыңдатар, кеңесін өткізер туыстарының үлесі. Бірақ, Абай түбі сені пәлен жасаймын деп ешкіммен достаспаса керек. Бұл – Абай достығының «жоспарында» жоқ есеп.
  • Бағдатцитирапреди 3 години
    Достық өлшемі (критерий) Абайда да, Пушкинде де өте биік. Бірақ, Пушкин — қаталырақ. Сатқан досты кешіру мүмкін емес.

    Но если сам прозренной клеветы

    Ты про него невидимым был эхом;

    Но если цепь ему накинул ты

    И сонного врагу предал со смехом,

    И он прочел в немой душе твоей

    Все тайное своим печальным взором,—

    Тогда ступай, не трать пустых речей —

    Ты осужден последним приговором.

    («Коварность»)

    Пушкин — үзілді-кесілді.

    Ал, Абай кеткен досына қайтып келер есікті қатты жаба көрме дейді.

    Холерик пен сангвинниктің айырмасы!

    Пушкин — үзілді-кесілді, өйткені ол жалпыдос, жалпысатқындық туралы айтып отыр. Жалпыны «соттау» оңай. Абайдағы кейіпкер — анық дос, адресі нақты адам екені өлеңнің интимдік сазынан байқалады.. Бұл — Абайдың ақыл айтып ұрсатын, сөгіп-сынайтын үйреншікті қазағы емес. Абай теңдесімен, сырласымен кінәласып отырғандай. Лирикалық «менде» кек жоқ — кеңдік бар. Жазықсыздың «Бұл не қылғаның?!» деп аңыруы бар. Рас, сонымен бірге, өз арының тазалығына сенген моральдық мығымдық та бар.

    Пушкин дос пен ғашықтан көңілі қайтып, отбасы, ошақ жылуына, отандық сезімге ендігі қымбатым деп қайырылғанда, Абай:

    Қызықтан өзге қалсаң бос

    Қатының балаң, досың бар

    деп соңғы қалған қимастарынан досты ажыратпайды.
  • Бағдатцитирапреди 3 години
    пенде үшін де тағдырдың сирек сыйындай ақаусыз шын достық, биік достық ұлыларға да бұйыра бермеген. Бірін-бірі терістейтін көп мысалдар келтіруге болар еді. Моцарт пен Сальери — аңыз ғой... Шын өмірдегі, айталық, Руми мен Мухаммед Табризидің «дос-асықтығы», «Ницше мен Вагнердің шәлкем-шалыстау, Блок пен Белыйдың қиянпұрыстау, Верлен мен Рембоның былғаныштау, Сент-Бев пен Гюгоның арамзалау достығы... Шеллинг пен Гегельдің бақталас бәсеке-достығы, Маркс пен Энгельстің рухани-практикалық тұрғыдағы мінсіз сұлу, Ли Бо мен Ду Фудың романтикалық сағыныш сазды достығы... Маяковский мен Бриктердің түсініксіздеу «үштігі»... Және сондай көп мысалдарға қарап отырсаңыз, ұлы тұлғалардың біразында пікірлестікке, мүдделестікке (әрине, белгілі дәрежедегі психологиялық сәйкестік те бар) негізделген достық-сыйластық басым екенін көресіз. Пікір, идея үйлеспеген, мүдде қайшы келген сәтте (ал ондай, сәт сөз жоқ, туады) — бұл достықтың ғұмыры тәмам. Байлық, биліктің, сондай-ақ, кейде шығармашылықтың да қуат көздерінің бірі — бәсеке. Бәсеке түбі — әлсіздің қызғанышын, бағы кемнің күншілдігін тудыруы мүмкін. Жолы болғаның мардымсуын да есептен шығаруға болмайды... Бәсеке үшін — күштің, жағдайдың теңдігі шарт. Достық — шарт емес
  • Бағдатцитирапреди 3 години
    «...Көңіліне билетіп отырушы еді...»дейді Тұрағұл, Абайдың достығында да жүректің билігі үстем. Ал, сенген Жүрегі аяғын шалыс басуға құмар, адастыруға асық. Күйетін де — өзі.

    Күйесің, жүрек, күйесің,

    Күйгеніңнен не пайда?

    Дүниеде нені сүйесін —

    Өмір қайда, дос қайда?!

    «Дос» ешқайда кеткен жоқ. Баяғы ақыл байқап, ой шамалаған жерде жүр. Тек... жүрек көнбейді. Жүрек күйеді...
fb2epub
Плъзнете и пуснете файловете си (не повече от 5 наведнъж)