Мұхтар Шаханов

Өлеңдер жинағы. Эверестке шығу. 2-кітап

  • Айым Мавленцитирапреди 4 години
    Ән туады мұраттан,

    Ой туады сұрақтан,
  • Айым Мавленцитирапреди 4 години
    Мүсіркетпе тағдырым мені ешкімге,

    Мүсіркеген адамның қолында өлем.
  • Айым Мавленцитирапреди 4 години
    Қартайдым деп алдай көрме өзіңді,

    Қарттық жаспен өлшенбейді ешқашан.
  • Айым Мавленцитирапреди 4 години
    Тереңдігі жоқ әйелдің

    Қорқу керек сыртқы сұлулығынан.
  • Айым Мавленцитирапреди 4 години
    Махаббат та шың сияқты:

    Күн жақындап қасыма,

    Бұлт қонатын тасына,

    Қыран тектес жандар ғана

    Шыға алатын басыма...
  • Gassyr Kuralbaiulyцитирапреди 7 години
    Тағдырыңды қатыгез де, сараң де,
    Сен сүйгенмен, ол сүймесе - шараң не?
    Махаббат ол — қос жүректің әні ғой,
    Өзіңе сай дауыс керек әр әнге.
  • Аблаев Нұржанцитирапреди 8 години
    болатын.
    МӘҢГІ ЛАУЛАП ЖАНУ ҮШІН ҒАЛАМДА,
    ҮЛКЕН БАҚЫТ ТАБУ ҮШІН ҒАЛАМДА,
    ҮЛКЕН БОЛЫП ҚАЛУ ҮШІН ҒАЛАМДА,
    ҮЛКЕН АРМАН КЕРЕК ЕКЕН
  • Ратмир Ашировцитирапреди 8 години
    ЭВЕРЕСТКЕ ШЫҒУ
    Қадалған көз таларлық,
    Жігер отын жанар қып,
    Эверстке шыққандардың тізімі
    Саусақпенен санарлық.
    Махаббат та шың сияқты:
    Күн жақындап қасыма,
    Бұлт қонатын тасына,
    Қыран тектес жандар ғана
    Шыға алатын басыма...
    Бәрі бітті.
    Құлайды арман дауыл жыққан қайыңша,
    Ел күлмей ме ессіз үрей ықпалына бой ұрса?!
    Өзін-өзі өлтіруге тиісті еді Транзей
    Сол кездегі әміршінің қатал заңы бойынша.
    "Мені айналып,өте алмайтын кезеңге тап болдың ба?"
    Дегендей-ақ жарқ-жұрқ етіп қанжар жатты алдыңда.
    "Қайсар Рим заңы солай,
    Көзіңді енді құрт, батыр",-
    Деген сөзді оймен айтып, біраз адам сыртта тұр.
    Бөлме дел-сал, жүріп жатыр өмір, өлім таласы,
    Ал, қанжарға қол бармайды, бұл азапқа қарашы.
    Гүлзар тірлік қимастықпен жымиғанда қиылып,
    Ең бастапқы қатқыл ойы бірте-бірте сұйылып,
    Дір-дір етіп, дегбірі ұшып қалшылдады бейшара,
    Намысына тірек етер ерлік таппай күйініп.
    Осы сәтте кіріп келді Аррия,
    Ақша қардай аппақ көйлек киініп,
    Жанарынан жан тербетер назды сәуле құйылып.
    Асқақ ұстап, сұңғақ бойын сымбатты,
    Транзейге әйел былай тіл қатты:
    "Құдай саған еркек деген ат берді,
    Дәулет берді,
    Атақ берді,
    Бақ берді.
    Шараң қанша, енді соның бәрімен,
    Қоштасатын шақ келді.
    Кимекпісің қорқақ атын ноқта ғып,
fb2epub
Плъзнете и пуснете файловете си (не повече от 5 наведнъж)