bookmate game

Ергали Сериктин аудармасы БАБЫЛДЫК БАЙ

Уведоми ме, когато книгата е добавена
За да прочете тази книга, качете я във формат EPUB или FB2 в Bookmate. Как се качва книга?
  • Магжан Жаксылыкцитирапреди 2 години
    Сен жинаған әрбір алтын бақыр, сенің құлың болады да, саған жұмыс істей бастайды.Ол әкелетін әрбір жез бақыр сенің құлыңның ұлы ретінде саған тағы еселей жұмыс істеуге кіріседі.Егер де байып кетіп жатсаң, жинағыңның бәрі саған қосыла жұмыстану арқылы сені ғұмыр бойы тілеген байлыққа кенелтеді.
  • Магжан Жаксылыкцитирапреди 2 години
    Ол маған жүндес қабағының астынан жанарын тіктеп қарады да, қоңыр дауыспен былай деді:

    - Мен байлыққа барар жолға, тапқан ақшамның бір бөлігі өзіме тиесілі болғанда ғана түстім.Ол сенің де қолыңнан келеді.- Ол көкірек тесердей көзқарасын қадай түсті де, одан әрі үндей қоймады.

    - Болғаны осы ғана ма? – дедім мен.- Тапқан ақшамның бәрі де, онсыз да менікі емес пе?

    - Тіпті де олай емес, айналайын, - қарсыласты Алғамыс. – Тігіншіге төлемейсің бе? Ал етікшіге шапата тіккені үшін ше? Ал ішкен асыңа кім төлейді? Бабылда шығынсыз тіршілік етпейсің ғой. Соңғы айда тапқан ақшаның қаншасын осылайша шығындадың? Ал, жыл бойына? Ақымақсың! Сен өзіңнен басқаның бәріне төлейсің ғой.Осылай тапқан ақшаң басқаларға кетіп жатыр ғой. Ендеше, солай жалғастыра бер – құлқынның құлы болып, қожайынның ас пен киімге берген пұлымен шектеліп.Егер де сен тапқан ақшаның оннан бір бөлігін өзіңе қалдырып отырсаң, он жыл ішінде қанша жинар едің?
  • Магжан Жаксылыкцитирапреди 2 години
    Менің сендерге айтарым, шәкірттерім, адамның байлығы – оның әмиянындағы ақша емес. Ол – адамның өзіне қамтамасыз етіп алған тұрақты табыс, әмиянға ылғи да селдей құйылып, оны қампайта түсетін байлық тасқыны. Бұл - әр адамның арманы. Әрқайсысың тіпті, жұмыссыз отырғанда да, саяхатта жүргенде де, әлгі тасқын тоқтамайтындай іске ұмтылу керек.
  • Магжан Жаксылыкцитирапреди 2 години
    СЕН ТАПҚАН ҚАРЖЫНЫҢ БІР БӨЛІГІ ҒАНА ӨЗІҢЕ ТИЕСІЛІ
  • Магжан Жаксылыкцитирапреди 2 години
    Байлық титтей тұқымнан жайқалатын ағаш секілді. Өзің үшін сақтаған алғашқы жез бақыр, кейін өсіп шығатын байлық ағашының тұқымы болмақ. Неғұрлым сол тұқымды тезірек ексең, соғұрлым тезірек байлық ағашы көгеріп шығады.
  • Фархат Беркингалиевцитирапреди 5 години
    БАЙЛЫҚТЫҢ БЕС ЗАҢЫ
    1. Табысының кемінде оннан бір бөлігін өзі мен жанұясының болашағына жинайтын адамның қолына ғана байлық қонады және көбейеді.
    2. Өзіне табысты іс тапқан адамның ақшасы ғана тұрақты да қалқысыз жұмыс істеп, өрістегі малдай молаяды.
    3. Білікті адамдардың кеңесіне құлақ асып, ақылмен іске жаратқан адамның байлығы еселенеді.
    4. Өзіне бейтаныс іске салған адамның ақшасы қолдан сусыйды.
    5. Қолдан келмейтін іске ұрынған болмаса алаяқтар мен қулардың қармағына түскен немесе тәжірибесіздігі мен қиялилығы кесірінен тез баюға ұмтылған адам байлығының берекесі қашады.
  • Фархат Беркингалиевцитирапреди 5 години
    Екі жағдайда да, сәттілік жайбасарлардан теріс айналды. Оған таңданудың қажеті жоқ.Жайбасарлық әр адамға тән. Бәріміз де байлыққа ұмтылғанмен, соған керек мүмкіндік туып, шешім шығаруға келгенде баяулық еңсені басып, кейінге қалдырамыз.Соған еркімізді жеңдіріп, өзімізге өзіміз дұшпандық жасаймыз.
  • Фархат Беркингалиевцитирапреди 5 години
    Менің әмияныма басында байлық тасқыны бірнеше бұлақтан, кейінірек көптеген көзден ағылды.
  • Фархат Беркингалиевцитирапреди 5 години
    «Мен тапқан табыстың бір бөлігі өзіме тиесілі». Сосын табыстарыңның бір бөлігін жинай беріңдер. Ол табыстың кемінде оннан бір бөлігі болғаны мақұл. Бұл үшін барлық шығынды төлеген дұрыс. Бірақ алдымен өз үлестеріңді бөліп алыңдар.Көп ұзамай, оның соншалықты жанға жайлы әрекет екеніне көздерің жетеді – қолдарыңда өз мүдделеріңе ғана жарататын қаржы қорланады. Қаржы молайған сайын сезімдерің семіре түседі. Өмірлеріңнің мәні артады. Сендер барған сайын көбірек қаржы табуға мүдделі боласыңдар, сол кезде өздеріңнің үлестерің де молаяды.
    Содан соң қорланған қаржының өздеріңе жұмыс істеуіне әрекет керек.Жинақты өздеріңе құл ете білу қажет. Олар балалайтын болсын, ал ақша-балалар да балалауға кірісуі керек, сөйтіп, олардың барлығы жыйылып, қожайын игілігіне қызмет етуі тиіс.
  • Фархат Беркингалиевцитирапреди 5 години
    Байлық титтей тұқымнан жайқалатын ағаш секілді. Өзің үшін сақтаған алғашқы жез бақыр, кейін өсіп шығатын байлық ағашының тұқымы болмақ. Неғұрлым сол тұқымды тезірек ексең, соғұрлым тезірек байлық ағашы көгеріп шығады.
    Ыждағатпен жинақтау арқылы неғұрлым оның топырағын тыңайтып,суарған сайын, оны көлеңкелеп, рахатына соғұрлым тезірек бөленесің.
    Осыны айтты да, о
fb2epub
Плъзнете и пуснете файловете си (не повече от 5 наведнъж)