bookmate game
kk
Бауыржан Момышұлы

Москва үшін шайқас

Уведоми ме, когато книгата е добавена
За да прочете тази книга, качете я във формат EPUB или FB2 в Bookmate. Как се качва книга?
  • b4999190339цитирапреди 2 години
    Сәске түсте Горюныға астына қарагер ат мініп біздің дивизияның артиллерия начальнигі подполковник Виталий Иванович Марков келді. Аласа бойлы, қыр мұрынды, қысыңқы қоңыр қой көзді, қырық жастардағы, аққұба, жирен шашты кісі еді ол.
  • b4999190339цитирапреди 2 години
    Бұл — төртінші ротаның политругі Василий Клочков.
  • b4999190339цитирапреди 2 години
    Бір топтан екінші топқа жүгіріп, «дұрыс емес» дегендей қолын сермеп, «менің айтқанымдай істеңдер» деп жұртқа айқайлап, шала бүлініп жүрген сол он бірдің командирі секпіл бетті жас жігіт лейтенант Иван Березин.
  • b4999190339цитирапреди 2 години
    Ақ құба келген, ұзын бойлы бір жігіт аяғын жылдам басып, сапты қуып жетті. Бұл — политрук Григорий Георгиев...
  • b4999190339цитирапреди 2 години
    Екінші ротаның командирі Семен Краев, ұзын бойлы, құлағы күдірейген, етсіз жақты, өткір жасыл көзді, арық тарамыс сары жігіт еді.
  • b4999190339цитирапреди 2 години
    Мұхаметқұл Исламқұлов орта бойлы, дембелше, маңдайы кере қарыс, дөңгелек тұнық көзді, қошқар мұрынды сымбатты жігіт еді.
  • b4999190339цитирапреди 2 години
    КАПИТАН БУЛАТОВ

    Кеш батардың алдында қарсы алдымыздан екі салт атты шықты. Оның бірі Шехтман полкының штаб бастығының орынбасары, көк көз. арық сұңғақ бойлы, сары жігіт лейтенант Блинов екен.
  • b4999190339цитирапреди 2 години
    Үйге кіріп келсем, жерге шинельдерін төсеп тастап, противогаздың дорбаларын бастарына жастанып, ұзын бойлы, ат жақ, ақ құба Рахимов, онымен қатар балапандай үрпиген ақсары шашты, қыздай қызыл шырайлы лейтенант Тимошенко, жалпақ қара торы еңгезердей палуан Бозжанов, тағы бірнеше " байланысшылар ұйықтап жатыр екен.
  • b4999190339цитирапреди 2 години
    Талап қою бар да, қаталдық бар. Талап қою — заңды нәрсе. Қаталдық заңнан тыс.
  • b4999190339цитирапреди 2 години
    Генералмен осы кездесуім әкеммен соңғы рет кездескенімді көзіме елестетті. 1938 жылы Қиыр шығыстың өркеш-өркеш таулары, Уссуридің дүлейлене біткен ұшы-қиыры жоқ ормандары, Сквородино мен Волочаевкадағы мәңгі суық аймағы арқылы жүріп Амурдың ирек өзенін тіке кесіп, Байкалдың жағасындағы алыс тескен тауларынан өтіп, Сибирьдің кең дала жазығы мен тауларын басып, Қырғыз Алатауының бауырында жатқан Жуалыдағы туған ауылыма Владивостоктан он бес күн, он бес түн дегенде зордан жеттім.
fb2epub
Плъзнете и пуснете файловете си (не повече от 5 наведнъж)