bookmate game
Дүкенбай Досжан

Пайғамбар

  • Мадина Нурлановацитирапреди 3 години
    жүрмейді. Кісіге жасаған қиянат іс-түссіз кетпейді.
  • Мадина Нурлановацитирапреди 3 години
    біреудің несібесі келесіге
  • Мадина Нурлановацитирапреди 3 години
    Жаратқан иеден тағы да үстеме төзім тілейді. Түбі төзімі мықтылар жеңеді дейді.
  • Мадина Нурлановацитирапреди 3 години
    Төзім – жалғыз серігі. Ерік-күші мықты деген сүйген құлым адамшылық қабілетін жойып алмай, сенімен теке-тіресуге жарайды.
  • b8154006297цитирапреди 4 години
    Кісі үмітпен күнелтеді. Бүгіннен ертеңім жақсы болсын дейді. Кеудесінен жаны шығып кеткенше таңдайынан үміттің тәтті дәмі кетпейді. Адамды сан ғасырлар бойы табиғат берген сыйынан ажыратып алмай, адамшылық сипатын жоймай, адастырмай, қалың тұман арасынан алып шығып келе жатқан мінез – төзім!
  • Рысгүл Досжановацитирапреди 7 години
    Өзім білем мінезі – өркөкірек басшыларды дүниеге әкеледі
  • Рысгүл Досжановацитирапреди 7 години
    Ал дүние дүние болып жаралғалы адамды аздырамын, тоздырамын деп қыр соңынан қалмай, сүркіл салып келе жатқан ібілістің ең мықты қару-жарағы, адамға жұмсайтын құралы – өзімшілдік!
  • Рысгүл Досжановацитирапреди 7 години
    күні ұстаздан ақыл сұрамаққа алыстан арып-ашып жолаушы жетіпті. Ұстаз алдына енуге рұқсат сұрайды. Апта өте ұстаз әлгі жолаушыны қабылдапты. Ақылгөйдің алдына келіп тізе бүккен бейбақ айтыпты: «Сізге жалғыз сауал қоюға алты ай жүріп әзер жеттім, жолда шөлден қаталап атым өлді, қалаға кіре берген жерде қарақшылар тонап қалтамдағы ақшамды тартып алды, қабылдауыңызды сұрап тағы аштан-аш есік алдында апта отырдым, әбден қалжырадым», – депті. Тыңдап отырған ұстаз ендеше шаруаңды айт депті. Жолаушы: «Қанша талпынып еңбек етсем де, ерте тұрып, кеш жатып тер төксем де ешқандай жолым болмайды, еңбегім жанбайды, соның себебі неде, айтыңызшы осыны сұрағалы келдім», – депті. Ұстаз ойланып отырып-отырып: «Артыңа қара», – депті де түрегеліп бөлмеден шығып кетіпті. Жолаушы аң-таң. «Алты ай жүріп, қарақшыға тоналып, көлігімді арам қатырып жеткендегі сыйым – осы жалғыз ауыз сөз бе?» – деп жылап жіберіпті, маңдайын қос қолдап тоқпақтапты, тұра сап ұстаз шығып кеткен есікті ұрғылапты. Айқай-шуға ұстаздың шәкірті шығып: «Е, не болды?» – деп сұрапты. Мән-жайды баяндап береді. Жолаушының сауалын, ұстаздың жауабын құлағымен естиді. Сонда шәкірт ойбайын салып отырған жолаушыны жұбатып, қолын иығына салыпты, сабырға, ақылға шақырыпты. «Сенің сауалың да, ұстаздың жауабы да дұрыс, – депті. – Ұстаздың артыңа қара дегені – сен аяғың салбырап көктен түсе салған жоқсың, сен ұлы тіршілік тәспісінің бір түйір жалғасысың, сен әлдебір тағдырдың үзігісің, бойыңда сол тағдырдан үзіліп қалып қойған жазмыш – жолыңды болғызбайтын кесір мінез бар, әлгі мінез қаныңмен қоса ілесіп жүр, ешқашан қашып құтыла алмайсың, сондықтан ұстазды емес, осынау болмысыңа әуелі қан, сосын жан берген тегіңді қарға», – депті. Жолаушы сабасына түсіп, иіні салбырап, ел-жұртына жаяулап қайтқан екен дейді.
  • Рысгүл Досжановацитирапреди 7 години
    Өткен замандарда шәкірті келіп ұстазынан сұрапты. «Құмыраның ішінде отырған қазды қалай өлтірмей алуға болады? – деп. – Әлгі қаз отыра-отыра үлкейіп кеткен. Шығайын десе шыға алмайды. Енді сол қазды майып етпей, әрі құмыраны сындырма қалай алып шығуға болады?» Осы сауалға құлақ салған ұстазы шәкірт жүзіне ұзақ барлап қарапты. Сосын: «Есімің кім?» – деп сұрапты. Шәкірт атын атапты. Ұстаз: «Мінекей, қаз құмырадан шықты», – депті де шапанын қағып жүре беріпті. Мұның мәнісі – сақалды кім қандай пиғылмен қойса – жауап та солай шықпақшы дегені екен. Дзэн пәлсапашыларының тұжырымы осындай.
fb2epub
Плъзнете и пуснете файловете си (не повече от 5 наведнъж)