Мұхтар Әуезов

Кім кінәлі?

  • Диана Жақияқызыцитирапреди 3 години
    Ішінен шыққан әке-шеше дозаққа салған соң, енді кімнен көмек табады? Кімге жылайды? Кім сүйейді?
  • b1049038089цитирапреди 5 години
    Сол қызғаныш қазір де сүйгені оңаша жерде отырған соң басына дұрыс ой келтірмеді. Бірақ сезім ғана билей бастады. Бұрынғы еркімен сөйлесетін Ғазизамен қазірде қалтырап, дірілдеп, сөйлесе алмай, себепсіз асығып, тілегі не нәрсе екенін дұрыстап айта алған жоқ.
  • b1049038089цитирапреди 5 години
    Өзгеге тас болған жүрегің маған ет болып жібіген емес пе еді?
  • altynkuranbayцитирапреди 2 години
    «Жас жүрек жайып саусағын, талпынған шығар айға алыс
  • b3459543036цитирапреди 2 години
    Бұл күнде қыз ержетсе, әке-шешеге пәле болатын күн болды.
  • b4558028843цитирапреди 2 години
    Надан елдің көбін бұл сияқты әңгімеге сендіретін бір себеп — бұл сөздің ортасында мінезі ұғымсыз, жүріс-тұрысы белгісіз оқыған жігіттің болғандығы еді.
  • b7120924331цитирапреди 2 години
    Жас жүрек жайып саусағын, талпынған шығар айға алыс»
  • b4558028843цитирапреди 2 години
    Күндегі жақсы көруінің үстіне, қазірде қызғаныш дерті бойын жеңген Ісләм бүгін Ғазиза үшін неге болса да шыдайтындай.
  • b4558028843цитирапреди 2 години
    Жас жүрек жайып саусағын, талпынған шығар айға алыс»
  • b2599363538цитирапреди 3 години
    шайтанның жетегіне ерген есуас қызға ата-бабаның аруағын сындыртып, адамшылық абыройымды жойғызайын дедің бе? Бұл күнге шейін ағайын ортасында шайқалмаған бағымды кетірейін деген екенсің! Осы турадан істеген ісім кінәлі іс болса, жазамды тарттырарсың. Бірақ алақаныма салып, өсірген қадірімді білмеген ақылсыз қыздың күйігін көріп күнде өлгенше, бір-ақ күнде балалығынан безермін!.. — деп қатал ойға бекініп, жаратылысындағы асау қаны тасып, сазарып алды. Ауыл қозы алып болған соң, даурыққан дыбыс басылып, тыныштық ала бастады. Жылқы су ішіп шықты. Далада жүрген жұрт үйлеріне тарап барады.

    Ысмайыл көз байлана бергенде орнынан тұрды. Ауылға қарай жүруге айналып еді, сол уақытта алдыңғы жақтағы иықтан асып келе жатқан екі салт атты көрінді. Екі баран атты жолаушының күміс ер-тұрмандары алакөлеңкеде анда-санда жарқылдап келеді.

    Ықшам киімі, кішілеу денелеріне қарағанда бұның екеуі де жас жігіттерге ұқсайды. Ысмайыл бұлардың қалай баратынын байқайын деп
fb2epub
Плъзнете и пуснете файловете си (не повече от 5 наведнъж)