Батырлар жыры

Қобыланды батыр

  • Jazira Baglanovaцитирапреди 8 години
    Бастаймын Қобыланды деп сөздің басын,
    Демесін Қадір мәулім сөз тұлғасын.
    Батырдың аруағы көмек берсін,
    Келтірер сонда тілім сөз тұлғасын.
    Қиссасын Қобыландының айтсам терең,
    Қазақтан ол батыр ғой шыққан ерен.
    Ерлігін бүкіл әлем білсе дағы,
    Жыршы боп хикаясын айтып берсем.
    Ер еді халық үшін еңіреп туған,
    10. Сондықтан жауға қарсы белін буған.
    Тұлпар мініп, ту ұстап, садақ тартып,
    Халықтың ауыр күнде кегін қуған.
    Тоқтарбай Қараспанды мекендеген,
    Үлкен тау қалың қыпшақ өткен деген.
    Малы көп, перзенті жоқ, қайғы жайлап,
    Дүниеден жылауменен өтем деген.
    Тоқсан құл малға ие, баласы жоқ,
    Күндіз-түні зар жылайды баласыз боп.
    Қалың ел есіркейді ессіз байды,
    20. Жүреді көтере алмай қамқоршы боп.
    Болады көңілі жай, ішкенде шай,
    Толар көңіл болғанда барлығы сай.
    «Мұрагерсіз, тұяқсыз өтем бе» – деп,
    Жылайды күні-түні бұл Тоқтарбай.
    Халқына қайырымшыл бұл Тоқтарбай,
    Береді қайыршыға бір-бірден тай.
    Кетеді әр тарапқа даңқы шығып,
    Қатардан асып тұрған рақымшыл бай.
    Тек арманы дүниеде – жалғыз бала,
    30. Күші, ақылы сай болған дана.
    Он бермей, он бес бермей, біреу берсе,
    Мың құлға татитұғын жеке қара.
    Осы арман көңіліне салған жара,
    Өткізген Тоқтарбайдың күні қара.
    Аналықта жылайды, тынбайды үні.
    Осылай қос кәрінің өтті күні.
  • b9436646052цитирапреди 2 години
    Қырық күнгеше Бурылға

    Қулықтың сүтін емізді.

    Жана қырық күн біткенше,

    Қысырдың сүтін емізді.

    Сексен күні біткесін,

    Тоқсан күні жеткесін,

    Армасын деп, талмасын,

    Маңқа, құлық болмасын, – деп,

    520. Жеміне қосып, қыз Құртқа,

    Қызыл дәрі жегізді.
  • Адема Мұратцитирапреди 2 години
    Қарақыпшақ Қобыланды –
    Атасы мұның Тоқтарбай,
  • b2539594594цитирапреди 3 години
    Тайбурылға тіл бітті,

    Тайбурыл сонда сөйледі:
  • b2539594594цитирапреди 3 години
    Намаз ақшам жеткенше
  • b2539594594цитирапреди 3 години
    Қырық күншілік Қазанды

    Көрсетші бүгін көзіме!
  • b2539594594цитирапреди 3 години
    Алпыс жасқа келгенде

    Қобыландыдай ұл тапқан

    О да менің сорым ба
  • b2539594594цитирапреди 3 години
    Сенен қалған мен сорды

    Бір дұшпанның мықтысы

    Аламын деп тұрғанда,

    Қараңғы үйге салғанда,

    Көңілге қайғы толғанда,

    Сұлтаным, сонда келерсің
  • b2539594594цитирапреди 3 години
    Кешегі кеткен қияттан

    1460. Он екі күн бұрын барарсың.

    Қазан салған қос қала,

    Қырлы қала, Сырлы деп,

    Сырлысын бұрын аларсың,

    Жалғаса біткен жанында

    Қасқарлық деген тауы бар
  • b2539594594цитирапреди 3 години
    Дін білмеген дұшпанға

    Жалғыз кетіп барасың
fb2epub
Плъзнете и пуснете файловете си (не повече от 5 наведнъж)