bookmate game
William Shakespeare

Ромео мен Джульетта

  • Акмарал Курмангазыкызыцитирапреди 2 години
    Өліп-өшіп сүйген де азап.

    Өліп-өшіп жек көрген де азап.

    Екеуі де ессіздік пен соқырлық.

    Бос азап пен құр ермек.
  • Багила Серикбаевацитирапреди 4 години
    Ойлауды қайтып ұмытасың, үйретші.
  • Айзада Жанаткызыцитирапреди 2 години
    Баяғы жер сілкінетіннен бері, санап көріңізші, аттай он бір жыл өтіпті.
  • Береке Аликулцитирапреди 2 години
    Шіркін, ғашықтардың арасына
    Адам емес, ойға хабар тасытса,
    Желден бұрын жетер еді-ау зуылдап.
  • b7186183078цитирапреди 2 години
    шығады. Әлгі топырағы торқа болғыр Сусаннам екеуі түйдей құрдас еді ғой. Бірақ, мырза құдай оны маңдайыма сыйғызды ма, өзі тартып алды. Әне, сол Петр мейрамында бұл он төртке шықпаса, мен мұрнымды кесіп берейін. Баяғы жер сілкінетіннен бері, санап көріңізші, аттай он бір жыл өтіпті. Дәл сол жер сілкінетін күні мен бұны емшектен шығарғам. Емшегіме жусан үйкеп, құс қораның күн жағында отыр едім. Тәңір жарылқап, сіз онда Мантуяда болатынсыз.
    Былай жарымес болғаныммен, жадымдағы нәрсені еш ұмытпаймын. Бұл жүгіріп келсін де, көкірегіме бас қойсын. Удай ащы жусан аузын қуырып ыршып кетті. Әлі көз алдымда. Тап сол уақытта күс қораның жалп етіп құламасы бар ма. өзімнің де аяғым аспаннан келді. Құдай жар боп, әйтеуір аман қалдым. Содан бері де аттай он бір жыл өткені ғой. Сонда бұл енді қаз тұрып... қайдағы қаз тұрған... жүгіріп жүрген кезі еді. Құдай ақы рас айтам. Сонда бұл маңдайын жарақаттап алған. Иманды болғыр күйеуім, қалжыңбас еді ғой, көтеріп ап: «Етпетіңнен құлағаның не, Джульетта. Жә, әуелі бой жетіп ал. Сосын тек құласаң шалқаңнан құлайтын боласың. Солай емес пе?» — деп сұрағаны. Сонда бұл не деді дейсіз ғой. Көзінің жасын сүртіп, өксігін баса алмай тұрып: «Солай!» — дегені. Күлкіден шегіміз қатсын. Ондай нәрсе тіріде ұмытылар ма? «Шалқаңнан жығыласың ғой» десе, «иә» дейді.
  • Aijan Kazinabaiцитирапреди 2 години
    Ай дидары шырағдандардың бар нұрынан асып тұр,

    Өңшең ноқай ортасында бұл періште қайдан жүр?

    Өңкей қарға ортасына түскен аппақ кептердей,

    Жанарымен жан дүниемді жарық қылып кеткендей.

    Жақын барып
  • Aijan Kazinabaiцитирапреди 2 години
    Айтпай-ақ қой, естігем.

    Өліп-өшіп сүйген де азап.

    Өліп-өшіп жек көрген де азап.

    Екеуі де ессіздік пен соқырлық.

    Бос азап пен құр ермек.
  • Aijan Kazinabaiцитирапреди 2 години
    Желаяқ уақыттың аяғына

    Жем түскендей көрінеді
  • Куралай Турсынцитирапреди 3 години
    Қара басқан қарап тұрып қараптан

    Ондай көзді неге бердің жаратқан.
  • JMцитирапреди 3 години
    ХОР
    Веронаның екі дүрдей ығайы мен сығайы
    Әлімсақтан қырғи қабақ
fb2epub
Плъзнете и пуснете файловете си (не повече от 5 наведнъж)