bookmate game
kk
Free
Сәбит Мұқанов

Әсия

  • Санжар Жумаханцитирапреди 2 години
    Тірі болса Әсия Майлыбай қызы кедей бейнетқорлар ортасында коммунизм бақытын орнатуға ағаларына көмекші боларына көңіліміз толық сенеді
  • Санжар Жумаханцитирапреди 2 години
    — «Барса барсыншы, бағы ашылар ма екен?» деді ойында.
  • Санжар Жумаханцитирапреди 2 години
    Әкесіне Әсияның аш, жалаңаш, өнебойы бейнетте жүріп бекер қор болатынын айтып, мектеп тәрбиесінің жақсылығына өзін мысал қылып көрсетіп, және өздеріне тамақ асыраудың қиындығын айтып: «Әсияны мен алып кетейін, сіз әжемді ренжітпей көндіріңіз»,— деді.
  • Санжар Жумаханцитирапреди 2 години
    Әміржан Әсияның осы жап-жас басынан бір үйдің бар бейнеті басында болып, күйе-күйе түрімен ойы да, бойы да өспей әжесі сияқты көзі ашылмайтын күңдікке бейімделіп, күн ілгері мойынсұнып келе жатқанын сезді.
  • Санжар Жумаханцитирапреди 2 години
    Бірақ Әміржан өз үй-ішінің тұрмысына разы емес. Қалада мұғалімдер, басқа қызметтегі азаматтар кейде мектепке келіп сөз сөйлегенде Ленин атамыздың өсиетінше, еңбекші кедей байға құл болмай, еңбегінің игілігін өзі көруі керек. Жасы жетіге толған балаларды ұл, қыз демей, тегіс оқыту керек; еркек, әйел, үлкендерді оқыту керек деуші еді.
  • Санжар Жумаханцитирапреди 2 години
    Әсия таңертең үлкен қыздармен суға барады. Иін ағашқа ілген екі шелек судың ауырлығынан имиіп, үйіне жеткенше неше рет дем алып, бәрінің соңында қалып, жете алмай келе жатқаны...
  • Санжар Жумаханцитирапреди 2 години
    «Оқуымыз жақсы, тамағымыз жақсы, ақ нан жейміз, қантпен шәй ішеміз, күнде ет жейміз» депті.
  • Санжар Жумаханцитирапреди 2 години
    Әміржан он үш жаста. Екі жүз шақырым жерде қалада оқып жатыр. Екі жыл болды — Әміржан күздігүні елден баратын екі-үш баламен қосылып кетеді, сонан жазғытұры майдың ішінде келеді.
  • Санжар Жумаханцитирапреди 2 години
    Әсия қазір тоғызда, әкесі Майлыбай қырықтың ішіндегі кісі. Көптен бері Байғабыл байдың қойын бағады. Былтырдан тамақ асырау қиын болып бара жатқан соң, үй ішімен байдың бір үйіне кіріп алып, қатыны байдың үй шаруасын басқарады, өзі далада малда жүреді, Әсия әкесін тіпті аз көреді.
  • Санжар Жумаханцитирапреди 2 години
    Бөпесіне байпақ тоқып берем деп, әжесінен жүн сұрап алып, иіріп жүр. Ылақша секіріп ойыннан босамайтын жұдырықтай Әсия, сүйтіп күні бойы жалғыз, кішкене бөпесін бағып, отын жағып, үйін сыпырып, тары түйіп, шамасынан артық үй шаруасының бәрін бір езі істеп, балалықтың қызығын көре алмай өсе береді, әлгіндей суық үйде жалғыз отырып, әжесін іздеп байдікіне барғандағылары есіне түскенде, нәп-нәзік балбыраған көңіліне табиғат әділсіздік, теңсіздіктің ызасын өз-өзінен еріксіз орнатып бекіте береді.
fb2epub
Плъзнете и пуснете файловете си (не повече от 5 наведнъж)