bookmate game
kk
Free
Дулат Исабеков

Социализм зәулімі

  • lolitaцитирапреди 2 години
    шақшадай бастары шарадай болды.
  • Aruzhan Alibekцитирапреди 3 години
    Қайда барсақ та, «қазақтардың қажеті жоқ» дейді, енді біз қайда барып күн көреміз?
  • Aruzhan Alibekцитирапреди 3 години
    Алдарыңызда тұрған екі үйді тек үй деп қана қарамаңыздар, бұл үй емес — болашақтың үлгісі, яғни, коммунистік жатақхана. Бұл — совет жұмысшыларының тағы бір ғажайып жемісі
  • Aruzhan Alibekцитирапреди 3 години
    Жұрт дүрлігіп шәлтік шалға бұрылды. Мынадай салтанаттың шырқын бұзғаны үшін және "Социализм" бөлімшесінің қас жауы боп табылатын алыстағы американы қорғағаны үшін біраз адам оған жеп жіберердей оқты көзбен ата қарады
  • Aruzhan Alibekцитирапреди 3 години
    Далаға әбден бауыр басқан кейбір қазақтар үй маңынан ошақ қазып, жалынын лаулатып у-шу боп жатысты. Алыстан қарағанда бұл ешқандай да үй емес, өртеніп жатқан кеме сияқты еді. Адамдардың бірі кіріп, бірі шығып, бірі келі түйіп, екіншісі диірмен тартып, қабырғаға құлаштап шеге қағып, әр балконда от жанып, үй маңы жалынға толып, бес қабатты коммунистік екі жатақхана өмірге келген күннен бастап құдайдан көресісін көріп жатты
  • Aruzhan Alibekцитирапреди 3 години
    Бұрынғыдай емес, біріміздің үстімізде біріміз тұрып жатырмыз, тағдырымыз ортақ, үстіндегі адам астындағыны ойламаса не болғаны
  • Aruzhan Alibekцитирапреди 3 години
    Бұрын кең жайға үйренген ауыл адамдары енді жоқтан өзгеге тырысып, болмашыға ұрысып-таласып, бір-бірімен араласпайтын болды
  • Aruzhan Alibekцитирапреди 3 години
    Мелдеш ақсақалдың немересі үйленетін боп, жаңа үйді күтіп жүрген еді, аяқ астынан соның тойы болатын болды. Тоқтай тұр дегенге немересі көнбей қойды. Бұлар тойға дайындалып жатқанда оның көршісі Жаппарханның аяқ астынан қайын енесі қайтыс болып, бұл үй алғашқы азаны бастан кешірді. Бірақ, қазаға келген адамдар "бауырымдап" той боп жатқан үйге, тойға келген адамдар әндетіп азалы үйге кіріп барып ерекше бір келеңсіз оқиғалар болды.
  • Aruzhan Alibekцитирапреди 3 години
    ас-аяғы бір аптаның ішінде шағын бөлімше келімсектердің аяғының астында қалды.
  • Aruzhan Alibekцитирапреди 3 години
    Айналайын, қайда барасың?
    — Өзің қайда баратын ең?
    — "Коммунизмге". Тұрғаныма бір сағат болды, ақысын берейін, ала кетші.
    — Жоқ, машинам бұзық. "Социализмге" әрең жететін түрім бар.
    — Ойбай, мейлі, маған да керегі сол.
fb2epub
Плъзнете и пуснете файловете си (не повече от 5 наведнъж)