bookmate game

Әзілхан Нұршайықов

Цитати

b4848678814цитирапреди 2 години
Отан үшін өз басымды өлімге байлай отырып, мен оларды ажалмен алысуға жұмсадым. Олардың өлмеуі үшін, өз ұрпақтарын, өз халықтарының намысын, оның өздері сүйетін асыл қасиеттерін аман сақтап қалу үшін жұмсадым. Өзім де жаным арымның садағасы, халқым үшін қасықтай қаным пида деп, жанып тұрған отқа талай түстім. Мен соғыс кезінде «Красная звезда» газетіне былай жазғанмын: «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам опасыз, оңбаған адам» дегенмін. Сол сөзімді әлі де қайталаймын. Өйткені, Энгельс айтқандай, өз елінің бағасын білген адам ғана басқа елді қадірлей алады. Өйткені халықтардың туыстығы алдымен адамдардың өз халқына сүйіспеншілігі арқылы ғана келеді. Мен өзге ұлттарды құрметтеуші, өз ұлтын сүюші адаммын. Мен нацизмның туын көтерген фашизмге қарсы жан аямай күрескен кісімін. Мен Гитлердің нацист армиясына қарсы қол бастаған адамдардың бірімін. Мен фашистерді жан-тәніммен жек көріп соғыстым. Мен Советтік Отанымды жан-тәніммен жақсы көріп соғыстым. Осы екеуін де, жауға деген өшпенділік пен Отанға деген сүйіспеншілікті айтамын, мен қол астымдағы әр жауынгердің, әр командирдің жүрегіне ектім!
Marziya Tanzharikovaцитираминалата година
Абыржып, аң-таң болып мен қалдым
b2856244581цитирапреди 2 години
Қазақтың қас-жауға қаһармандығын қадірлеймін. Мұнда Отанды қорғаудың қасиетті сезімі сақталған. Үлкенге жол беріп, құрмет көрсететін, сол сияқты кішіге көмектесіп, ізет істейтін сыпайылығын сүйемін. Бұл коллективтік тіршілікті құрметтеу. Жастарының ата-аналары алдындағы перзенттік борышқа адалдығын ардақтаймын. Бұл — адамгершіліктің негізі.

Впечатления

b0549347214сподели впечатлениепреди 2 години
👍Струва си да се прочете

Алған әсерім керемет. Алғаш рет мектеп кезінде оқыған едім. Қайталап оқудың әсері бөлек. Бауыржан Момышұлын тағы бір сатыға жоғары танып, болмысына риза болдым. Барлық жан дүниеммен кітапқа сүңгіп кеттім. Күндізге оқып, түнде түсімде көріп, аяқтағанша әр жағдайды бірге сезіндім. Керемет

  • Әзілхан Нұршайықов
    Ақиқат пен аңыз
    • 1.3K
    • 514
    • 30
    • 58
    kk
    Free
  • b2870566860сподели впечатлениеминалата година
    🐼Миличко

  • Әзілхан Нұршайықов
    Ақиқат пен аңыз
    • 1.3K
    • 514
    • 30
    • 58
    kk
    Free
  • b1543340746сподели впечатлениеминалата година
    👍Струва си да се прочете

  • Әзілхан Нұршайықов
    Ақиқат пен аңыз
    • 1.3K
    • 514
    • 30
    • 58
    kk
    Free
  • fb2epub
    Плъзнете и пуснете файловете си (не повече от 5 наведнъж)